Мектеп тарихы » Кеген ауданының «Бестөбе орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бестөбе жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
май
2017

Мектеп тарихы

Қасиетіңнен айналдым атамекен,
Жырыма бір өзіңді арқау етем
Сен үшін күш-жігерді бір аямай,
Мәңгілік бұл өмірде сүйіп өтем

Табиғаты тамаша, Қулықтау етегінде орналасқан, тарихқа бай, теңіз деңгейінен 2700 метр биіктікте орналасқан. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шыбышы ауылының өзіндік шежіресі мол. Ұлы Отан соғысынан бұрын М.Горький колхозы ,онан кейін « Еңбек »колхозы болып құралған екен .Сол кезде Шыбышы ауылы Кеген өңірінің бойында Жусанбайдың сайынан 1932 мектеп ашылған. Батыс босағасында орналасқан .Қазіргі Шыбышы ауылынан 12 шақырым қашықтықта Жусанбайдың сайынан шағын мектеп ашылған. Мектеп соқпатамнан болған .Осы мектептің ең алғашқы директоры ,әрі мұғалімі болып, Жаркенттегі педагогикалық училищені алғашқы бітірушілердің бірі ,ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен Манабаев Тәжібай болды.Бұл 1932 жыл болатын .Ауыл шаруашылығын қалыптастыру кезінде колхоз шаруашылығы 1948-1957 жылдары тарап кеткен. Осы жылдары шағын бастауыш мектеп жабылып қалған .Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін Манабаев Тәжібай мен бірге еңбек еткен ұстаздар Көшен Тамаев ,Асан Әбдірахманов ,Сейдепасова Дәкен сияқты ұстаздар жас ұрпақты тәрбиелеуде өзіндік үлес қосқан азаматтар болатын.Ауыл экономикасын көтеруде, колхоздастыру кезінде еңбегімен ел құрметіне бөленген абзал азаматтар колхоздың алғашқы төрағасы Майшұғылов Тоқтасын ,1946-1948 жылдарда төраға болып еңбек еткен Батырбеков Оразалы есімдері ауылды көркейтуге мол еңбектерімен ,қомақты үлес қосқан ел азаматтары. 1957 жылы совхоз шаруашылығын ірілендіруге байланысты Ұзынбұлақ қой совхозының № 5 фермасы болып қайта құрылған .Бұрынғы Кеген өңірінің бойында орналасқан Шыбышы ауылы Қулық тауының суы мол ,кең аңғарына көшірілген. Табиғаты әсем, жан-жағы биік шың-құздарымен біте қайнасқан атамекенге айналған. Халықты тұрақтандыру мақсатында 1957-58 оқу жылында Бестөбе бастауыш мектебі болып қайта ашылған. Мектептің басшысы болып Манабаев Тәжібай еңбек етті.Екі мұғалім болған. Бірі Дауталиева Қалиша. 1959-1967 жылға дейін 5мұғалім ,58-ге тарта оқушы болған .1967-1968 оқу жылында Бестөбе бастауыш мектебі сегіз жылдыққа айналды.Мектеп басшысы болып Смайылов Әбдірасыл , 12 мұғалім еңбек етіп ,135 оқушы дәріс алды.1971-1972 оқу жылында Сәрсебаев Мұқағали, 1972-1973 оқу жылынан 20 жыл бойы мектепті үздіксіз Оразалиев Ақан басқарды.Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуда Оразалиев Ақан кезінде қыруар жұмыстар атқарды .Мектепте жаңа техникалық құралдар « ЛЭТИ», «Эпидиаскоп» , «Пратон », «Диапроектор » , «Эпипроектор », «Кодоскоп » сияқты техникалық құралдармен және лингофондық кабинет жабдықталды .Сондай-ақ пән кабинеттері құрылып, жаңа үлгідегі мебельдермен толықтырылды. Сапалы білім ,саналы тәрбие беруде ұстаздарға деген қамқорлықтың көзі болды.Сол жылдары республика, облыс көлемінде мектептің жаңа техникалық құралдары пайдаланудағы іс-тәжірибелері кеңінен таратылып ,арнайы «Бестөбе орта мектебі жаңа құралдармен жұмыс істеуде, «бюллетень-плакат» жарияланды.Облыс көлемінде іс-тәжірибелері таратылып ,семинарлар өткізілді .Сол кездегі оқу ісінің меңгерушісі Т.Боқаев, Ш.Мәсімбаева ,Е.Тәжібаев ,Қ.Абдрахманов, Г.Амирбаева ,Б.Үскібаева ,Н.Рахметов ,Б.Әлиева, Н.Нүсіпбекова, К.Саяеева сияқты ұстаздар еңбегі айшықты орын алады .Қазіргі кезде де сол алынған заттар өз орнын тауып пайдалану үстінде .1991-1992 оқу жылынан бастап Бестөбе сегіз жылдық мектебі орта мектепке айналды. 1993-1994 оқу жылынан бастап Боқаев Түргенбай мектеп директоры болып жұмыс істеді. Мұғалім саны -22,оқушы саны 135-145 болды.Мектептің оқу-материалдық базасын сақтай отырып ,оқу-тәрбие процесін дұрыс жолға қоя білді. Мектепті «Pentium 2+1» компьютерлермен жабдықтауда мол үлес қосты.

Теги:
нет

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив