1 Қыркүиек Білім күні » Кеген ауданының «Бестөбе орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бестөбе жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

1 Қыркүиек Білім күні

                                                                           Анықтама

     «Бестөбе  орта   мектебі   мектепке  дейінгі   шағын  орталығымен» коммуналдық  мемлекеттік    мекемесі  бойынша  1 қыркүйек –Білім  күніне   орай «Сыңғырла,  алғашқы  қоңырау!» атты  салтанатты   шара  болып  өтті.         Бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырауға арналған  әдеби   монтаждары, өлендері   өнерлері  тамашаланып, салтанатты шарада «Әліппе» алғашқы оқулығын   табыстаумен санитарлық нормаларды сақтай отырып, таза ауада, мектеп ауласында өткізілді. Іс-шараға және   тәрбие  сағатына бір  ата-анадан   қатыстырылды. 2-11 сыныптарда 1 қыркүйекте Білім күніне арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері», «Кел,  балалар,  оқылық!», «Тәуелсіздік жылдарындағы  жетістіктер»,  «Елімнің   бақытын  тербеткен  Тәуелсіздікке – 31 жыл» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары әр сынып үшін жеке кабинеттерде санитарлық талаптарға  сай  жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығы аясында  мемлекетіміздің даму тарихы, жеткен жетістіктері  туралы  отандық телеарналар, видеоматериалдар мен ресми ақпараттар әзірленіп, мектеп   оқушыларына ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетін ұғындырып, олардың бойында  патриоттық сезім қалыптастыруда, дамытуға зор маңызға ие болды.

Материалдар мазмұны бойынша Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы тарихи рөлі, көреген саясаты және жасампаз қызметі туралы, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы аса ірі оқиғалар мен мемлекет тарапынан атқарылған іс-шаралар, еліміздің егемендігі мен біртұтастығының басты атрибуттары туралы, Түркістанның қазіргі жаңа келбеті және оның болашағы туралы, туған жердің қадір-қасиеті туралы  бағыттарды қамтыды.

Түсіндіру жұмысын жүргізу, жаңа оқу жылында оқушыларды оқытудың ерекшеліктері туралы ақпараттандыру, жаңа жағдайда оқытудағы мектеп және отбасының өзара іс-қимылын анықтау мақсатында «Жаңа оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында ата-аналар жиналысын онлайн форматта өткізілді. Ата-аналарға оқу жылындағы оқыту форматына байланысты, әр білім мекемесінің дайындығы туралы барлық сұрақтарына жауап берілді.

Сонымен қатар оқушылар мектеп формасымен талапқа сай қою түсті киіммен және классикалық үлгіде келуін қамтамасыз етілді. 1 қыркүйек  Білім күні «Сыңғырла,  алғашқы  қоңырау!» атты іс-шара талапқа сай ұйымдастырылып өткізілді. 








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив