өзін-өзі тану Махаббат пен шығармашылық педагогикасы » Кеген ауданының «Бестөбе орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бестөбе жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » өзін-өзі тану Махаббат пен шығармашылық педагогикасы
08
февраль
2019

өзін-өзі тану Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Мектепте  01.02. 2019 жылдың  «Өзін –өзі  тану:  Махаббат  пен  Шығармашылық  педагогикасы»  онкүндігінің  іс-шара  жоспары  бекітілді. Жоспарға  сәйкес   «Махаббат  пен  Шығармашылық  педагогикасы» онкүндігі  туралы   ұстаздар  мен  оқушылар  арасында  лездемеде таныстырылып,   жауапты  адамдарға  тапсырмалар  берілді.Мектеп  кітапханасында  «Өзін-өзі  тану» адамгершілік- рухани   бағдарламасының  авторы  С.Ә.Назарбаеваның  қызметі  туралы,  оның  ішінде  автордың  жазған  кітаптары мен  қазақстандық  және  әлемдік  ойшылдардың,  педагог- гуманистердің  шығармалары,  шығармаларының  көрмесін  мектеп  кітапханасында    оқушыларға  таныстырылды. Оқушыларға  өзін-өзі  тану  пәнінің  авторы  жайлы  өмір  мен  шығармашылығына  баяндамалар  оқылды. 
 Мектепте  04.02. 2019 жылдың  «Өзін –өзі  тану:  Махаббат  пен  Шығармашылық  педагогикасының  онкүндігіне байланысты  «Сүйспеншілік  пен  өмір  сүру»  атты  тақырыбында  оқушыларға  баяндама  оқылып , презентация және  бейне  көрініс  көрсетілді.Осы бейне  көрініс арқылы  оқушылар өз  ойларын  ортаға  салды.
05.02.2019 жылдың «Алтын  жүрек  анамыз»  тақырыбында    оқушылар  арасында  мәнерлеп  оқу  байқауы  өткізілді. Атап  айтсак  мәнерлеп  оқудан  Бас  жүлде  иегері 5 сынып  оқушысы  Дүйсенбай  Зере,  Бірінші  орын            7 сынып  оқушысы Тұрғынбай  Досжан,  үшінші орын  8 сынып  оқушысы  Әбеу  Аружан ,  үшінші  орын 6 сынып  оқушысы   Қонысбай Бексұлтан   сынды  оқушыларды  мектеп  әкімшілігі  мақтау  қағазы мен  марапаттады.
06.02.2019 жылдың «Руханиялықтың  мөлдір  бұлағы» атты  тақырыбында ана,  мейірім, бибітшілік  және  достық  туралы  балалардың  шығармашылық  жұмыстарының көрмесі  ұйымдастырылды. Бастауыш  сынып  оқушыларының  сурттері, 5-10 сыныптардың  ашық  хат, қолдан  жасалған бұйымдары  көрмеге  қойылды.  1-10 сынып  оқушылар  аралығында жәрменке   ұйымдастырылып ,қолдан  пісірілген әр  түрлі тәтті  тағамдар арзан  бағада  сатылымға  қойылды.
07.02.2019  жылдың  сағат 9.30-10.10 ға  дейін  «Өнеге  отбасынан» атты  тақырыбында Г.Нұрмаханбетова   3 сынып  оқушыларымен  ашық  сабақ  өткізді.Сабаққа  қатысқан  мұғалімдер « жақсы» деген  баға  берді. 
10.25-11.05 ке дейін «Кәусәр  бұлақ  тұнығынан» тақырыбында  ашық сабақ  өткізілді.
11.10-11 .50 «Мейірімділік  -асыл қасиет» тақырыбында  ашық сабақ  өткізілді.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив